Beijing CBD International Development Group делегациясымен кездесу

Beijing CBD International Development Group делегациясымен кездесу

Astana Invest фронт-офисінде Басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Мұхамеджанұлы қытайлық Beijing CBD International Development Group компаниясының төрағасы Ню Хайлунмен кездесті.

Оның аясында Астананың инвестициялық мүмкіндіктері жайлы баяндалып, инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдіктер мен преференциялар жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ, тараптар қаланың дамуындағы негізгі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Beijing CBD International Development Group — 1984 жылы құрылған, Бейжің  қаласының Мемлекеттік активтерді бақылау комитетіне қарайтын ірі мемлекеттік кәсіпорын. Компания Beijing CBD бизнес хабын дамытуға жауапты және халықаралық инвестициялар мен бизнесті қолдау, жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым салу, еркін сауда аймақтарын дамыту, цифрлық технологиялар, деректер нарығы және жасанды интеллект кластерлері, ірі бизнес орталықтарды басқару салаларда жұмыс істейді.

Компанияның еншілес ұйымдары Германия, Сингапур, Гонконг және Таяу Шығыс елдерінде жұмыс істеп, жаһандық серіктестіктерді дамытып келеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдіріп, алдағы уақытта бірқатар сараптамалық кездесулер өткізуді жоспарлады.