Мәслихат депутаттары   әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарының жұмыстарымен танысты

Мәслихат депутаттары   әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарының жұмыстарымен танысты

2 желтоқсан күні қалалық мәслихат депутаттары 2023-2027 жылдарға арналған «Астана кәсіпкерлігі» - кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында Елорданың бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарына барып, олардың жұмысымен танысты.

Сапардың мақсаты – Астанаға шетелдік және отандық инвестицияларды тарту арқылы қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылау.

Депутаттар алдымен заманауи «Ozen» спорт орталығына барып, ондағы спорттық-сауықтыру қызметінің ұйымдастырылу барысымен және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан үлесін бағалады.

Сондай-ақ, сапар барысында «Qaz Swim Academy» спорт кешені де назардан тыс қалмады. Бұл кешенде жүзу спортын дамытуға бағытталған жұмыстар, жаттығу процесінің тиімділігі және спортшыларға жасалған жағдайлар туралы мәліметтер берілді.

Жұмыс сапарының соңында депутаттар Kazakhstan International School Astana мектебінде болып, Халықаралық стандарттарға сай білім берудің ерекшеліктерімен, оқытушылардың біліктілігімен және оқушылардың жетістіктерімен танысты.

Депутаттар әрбір нысанның Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағамдап, инвестициялардың тиімділігін арттыру және бизнес ортасын жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылады. Ал осы жұмыстың нәтижесінде жасалған ұсыныстарды депутаттар сессияда талқылайтын болады.

 

https://www.instagram.com/p/DRzEqHODInI/