
Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының АЭА дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қиылымбеков мемлекеттік қолдау тетіктерін таныстырып, ағымдағы инвестициялық жобалар мен еркін экономикалық аймақтардың мүмкіндіктері туралы баяндады.
Содан соң Ұдмұрт компанияларының өкілдері машина жасау, металл өңдеу, химия өнеркәсібі, агроөнімдер, гидравликалық жабдықтар, ағаш өңдеу және басқа да салалардағы өз жобаларын ұсынды.
Кездесу барысында тараптар әлеуетті бағыттардың кең спектрін талқылап, сондай-ақ тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылықтарын білдірді.