
2025 жылғы 25 қарашада Астана қаласы Кәсіпкерлікті инвестициялар және дамыту басқармасы Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментімен бірлесіп аталған нарықтардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді. 2023 жылғы 30 сәуірде бекітілген Сауда нарықтарын жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес, Астанада 7 базар жаңғыртуға жатады.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге жаңғырту талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде келесі бағыттар бойынша белгіленген мерзімде жаңғыртуды аяқтау қажеттілігі атап өтілді: автотұрақ аймақтарын ұйымдастыру, санитарлық нормаларды сақтау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.