
Туризм бүгінде отандық экономиканың басым әрі перспективалы бағыттарының біріне айналып келеді. Астана өз кезегінде өзін іскерлік, мәдени және медициналық туризмнің орталығы ретінде нық танытып отыр.
Қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елордаға 750 мыңға жуық турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. Олардың ішінде 180 мыңы – шетелдік туристер, негізінен Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германия елдерінен.
Астанадағы туризм саласының даму бағыттары туралы Astana Tourism туризмді дамыту орталығының басқарма төрағасы Артем Квашук айтып берді.
Толығырақ: @kazpravda.kz «Астана – драйвер туристической отрасли»
https://kazpravda.kz/n/astana-drayver-turisticheskoy-otrasli/