
Астанада «Сервис және туризм колледжінің» ұйымдастыруымен «Қонақжайлық және туризм индустриясының кадрлық архитектурасы» атты форсайт-сессия өтті.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен шара қонақжайлық пен туризм саласындағы жетекші қонақ үй желілері, туристік компаниялар, білім беру ұйымдары және мемлекеттік құрылым өкілдерін бір алаңда жинады.
Форсайт-сессияның басты мақсаты – саланың бүгінгі және алдағы жылдардағы кадрлық қажеттіліктерін айқындау, жұмыс берушілердің жаңа талаптарын талдау, дуальды білім беру моделін жетілдіру және халықаралық сервис стандарттарын оқу процесіне тиімді енгізу механизмдерін қарастыру.
Күн тәртібінде салалық трендтер, еңбек нарығындағы өзгерістер, болашақ мамандарға қойылатын талаптар мен тәжірибеге бағытталған оқытудың рөлі жан-жақты талқыланды. Сарапшылар кәсіби даярлық сапасын арттырудың жаңа тәсілдері мен серіктестік мүмкіндіктеріне тоқталды.
Талқылаулар нәтижесінде мына бағыттар бойынша нақты ұсынымдар әзірленді:
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қабылданған ұсынымдар саланың кадрлық саясатының дамуына жаңа серпін беріп, Астананың қонақжайлық және туризм саласындағы аймақтық хаб ретіндегі беделін нығайта түседі.