
Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың қатысуымен «AMANAT» партиясы қалалық филиалының жанында Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы ұйымдастырылды.
Жиынға кәсіпкерлер, депутаттар және әкімдік өкілдері қатысып, ынтымақтастықтың жаңа форматы ұсынылды. Ресми деректерге сәйкес, Астанада 272 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Аталған секторда 541 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Сарапшылардың айтуынша, шағын және орта бизнестің жыл сайынғы өсімі 10%-дан жоғары деңгейде сақталып, оң динамикасын жоғалтпай келеді.
Отырыстың негізгі мақсаты – кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және Астананың іскерлік климатын жақсарту.
Кездесу барысында құрылымдық ұсыныстар айтылып, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында тұрақты өзара байланыс орнату жоспарланды.