
IBTM World Халықаралық көрмесі аясында қазақстандық делегация Барселонаның тұрақты туризмді басқару жөніндегі комиссары, профессор Хосе Антонио Донайремен кездесу өткізді.
Оның аясында Астана қаласыны маслихатының комиссия төрағасы Кендебай Адамбек Барселонаның туризмді басқару саласындағы әлемдік көшбасшы екеніндігін атап, IBTM World аясында тәжірибе алмасудың маңыздылығына баса назар аударды.
Туризмді дамыту бөлімінің басшысы Тілеужан Өмірұзақ Қазақстанның туристік тартымдылығының өскендігі жөнінде мәліметтермен бөлісіп, Қытайлық туристердің қонақ үйлерді броньдауы бойынша топ-5 елдің қатарына кіргендігін және соңғы жарты жылда Астанаға 750 мыңнан астам қонақ келгендігін жеткізді.
Профессор Донайре туризм мәселелері бойынша Барселона тәжірибесімен бөлісіп, Каталония астанасының форумдар мен көрмелерді өткізу бойынша әлемдік көшбасшы екенін атап өтті. Жыл сайын Барселонаға шамамен 16 миллион турист келеді екен. Ол Астана мен Барселонаның тұрақты туризмнің әлемдік эталоны болуға ұмтылысындағы ортақ көзқарасын атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, жергілікті халықтың мәдениетін, бірегейлігін және өмір сүру сапасын құрметтейтін туризм моделін құрудың маңыздылығын атап өтті.
Астанадан келген делегация Барселонаның туризм саласын цифрландырудағы табысты тәжірибесімен, оның ішінде Visit Barcelona мобильді қосымшасымен және туристік ағындарды талдаудың заманауи құралдарымен танысты.
Тараптар ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және Орталық Азия елдері үшін бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру перспективаларын талқылады.
#ibtmworld #ibtm2025 #ibtm2025barcelona #kazakhstan #astana 🇰🇿🇪🇸