Астана алғаш рет IBTM World халықаралық көрмесіне қатысуда

Астана алғаш рет IBTM World халықаралық көрмесіне қатысуда

Астана алғаш рет іскерлік туризм мен инвестициялар саласындағы әлемдегі жетекші халықаралық көрме – IBTM World-қа қатысуда. Іс-шара 2025 жылғы 18–20 қараша күндері Барселона қаласында өтуде.

IBTM World – конференциялар, іскерлік кездесулер, инсентив-турлар және өзге де корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру саласында келісімдер жасалатын, серіктестік байланыстар орнатылатын және саланың негізгі трендтері айқындалатын жаһандық алаң. Жыл сайын бұл көрме 150 елден 15 000-нан астам сала маманын біріктіреді.

Астана көрмеде қаланың заманауи инфрақұрылымын, әлемдік деңгейдегі халықаралық орталықтарын және ауқымды іс-шараларды ұйымдастырудағы кәсіби әлеуетін көрсететін ұлттық стендпен таныстырылып отыр.

Visit Astana және Visit Almaty өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның жетекші туроператорлары стендте елдің туристік мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынып жатыр. Көрме қонақтары Қазақстанның бай мәдениетімен, MICE туризмінің мүмкіндіктерімен, туристік бағыттарының алуан түрлілігімен және бірегей мәдени іс-шараларымен танысуға мүмкіндік алды.

«Astana Tourism» командасы IBTM World алаңында белсенді түрде B2B-кездесулер өткізіп, Астанаға перспективалы MICE бағыт ретінде жоғары қызығушылықтың байқалғанын атап өтуде. Бұл көрме жаңа жобалар мен халықаралық әріптестерді тартуға беретін мүмкіндіктерімен ерекше», – деді MICE департаментінің директоры Данияр Құрманбаев.

Астананың IBTM World көрмесіне қатысуы – жоғары табысты туристерді тартуға, шетелдік инвестицияларды арттыруға және қаланың Еуропа мен Азияны жалғаған қарқынды дамып келе жатқан іскерлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам болып табылады.