
Бүгін Астанада БАҚ өкілдері үшін Индустриялық парк аумағына арнайы прес-тур ұйымдастырылды. Іс-шара барысында журналистер қаладағы өңдеу өнеркәсібінің даму қарқынымен, өндірістік қуаттармен және жаңа технологияларды қолданатын жетекші кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Прес-тур барысында БАҚ өкілдері Индустриялық парк аумағындағы үш жетекші кәсіпорынның жұмысымен танысты. Атап айтқанда, модульдік үй жинақтарын шығаратын «MODEX» зауытының құрылыс мерзімін қысқартатын технологиялары, сэндвич-панельдер өндіретін «KazPan» кәсіпорнының автоматтандырылған желісі және түрлі салаларға арналған өнім шығаратын көпсалалы «ATM Construction & Investment» (YDA) өндірістік кешенінің мүмкіндіктері көрсетілді.
Заманауи жабдықтармен жасақталған бұл кәсіпорындар елорданың индустриялық әлеуетін арттырып, өңдеу өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.