
Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов Social Innovation Hub алаңына барып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған маңызды платформамен танысты. Бұл алаң әлеуметтік кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғам қайраткерлерін біріктіріп, ортақ жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.
Social Innovation Hub Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның Әлеуметтік Инноваторлар Қауымдастығы негізінде құрылған. Мұнда кәсіпкерлер түрлі оқыту бағдарламаларына қатыса алады, менторлық қолдау алады және әлеуметтік жобаларын іске қосуға мүмкіндік табады.
Хабтың ішінде әлеуметтік кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылған concept store, сондай-ақ есту қабілеті төмен жандар оқытылып, жұмысқа орналасатын Бариста мектебі мен әлеуметтік кофехана жұмыс істейді.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бойынша көрсеткіштер де айтарлықтай: елордада 268 әлеуметтік кәсіпкер жұмыс істейді. Астана әкімдігінің қолдауымен 58 қайтарымсыз грант беріліп, биыл тағы 24 грант беру жоспарланып отыр.
Social Innovation Hub — әлеуметтік экономиканы дамытуға және қоғамға пайда әкелетін бастамаларды ілгерілетуге бағытталған жүйелі жұмыстың айқын көрінісі. Хабтың қызметімен танысу және оның нәтижелерін көру біз үшін қуанышты болды.
https://www.instagram.com/p/DRKMgH4iFg-/?hl=ru