
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өндірісте еңбек етіп жүрген мамандардың рөлі ерекше бағаланады. Мағжан Қамбарбек – отандық электроника өндірісінде қызмет етіп, Wi-Fi роутерлерден бастап серверлік құрылғыларға дейінгі жабдықтардың құрастыруына атсалысып жүрген жас маман.