15 қараша – Қазақстанның ұлттық валюта күніне орай іс-шара өтті

15 қараша – Қазақстанның ұлттық валюта күніне орай іс-шара өтті

Осыдан тура 32 жыл бұрын, 1993 жылы теңге тәуелсіз еліміздің экономикалық негізіне айналды. 15 қараша Қазақстанның ұлттық валюта күні және еліміздің қаржыгерлерінің кәсіби мерекесі ретінде тойлана бастады.

Осы айтулы мереке қарсаңында Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотов қаржы жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, қаржы жүйесінің қызметкерлерін құттықтады.

Өз сөзінде Евгений Глотов Елорданы еліміздің қаржы орталықтарының біріне теңеді. Мұнда мемлекеттік органдар, жетекші банктер, қаржы институттары және саланың білікті мамандары жұмыс істейді. Шамамен 100 мыңға жуық экономист пен қаржы маманы, Астана экономикасының дамуына тікелей үлес қосып отыр.

Қаланың соңғы жылдардағы жетістіктері – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі. Астана экономикасы екі есеге өсіп,

2019 жылғы 7,8 трлн теңгеден 2024 жылы 15 трлн теңгеге жетті. Биылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 11,1% өсіп, республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналды.

Соңғы бес жылда инвестициялар көлемі 7,5 трлн теңгеден асып, бұл өз кезегінде 18 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салуға мүмкіндік берді. Экономикалық өсімнің негізгі драйвері - шағын және орта бизнес. Оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 72,3%.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшының орынбасары Қуаныш Сапаров ҚР Қаржы министірлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» медалімен мараппаталды.