
Uniton – газобетон блоктарын өндіруге маманданған заманауи кәсіпорын.
Зауыттың өнімі азаматтық және өнеркәсіптік нысандардың құрылысында кеңінен қолданылады.
Кәсіпорындағы өндіріс процесстері 90%-ға автоматтандырылған, сондай-ақ шикізат пен дайын газобетон блоктардың сапасын бақылауды қамтамасыз ететін заманауи зертханамен жабдықталған.
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 150 000 м³ дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорында 100-ден астам қызметкер еңбек етеді.
Өндіріс барысы туралы толығырақ ақпаратты біздің бейнероликтен біле аласыз.