
«Kazakhstan Aselsan Engineering» - кең ауқымды өндіріспен айналысатын бірегей кешен. Оның ішінде байланыс және ақпараттық технологиялар, радиолокациялық жүйелер, радиоэлектрондық қарсы тұру, электрондық оптика, авиация, қару жүйелері, модернизация, командалық басқару жүйелері, көлік, қауіпсіздік, жол қозғалысы, автоматика және денсаулық сақтау салаларында өнімдер өндіреді, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді.
Кәсіпорын отандық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтаса отырып, ішкі және сыртқы нарық тұтынушыларының қажеттіліктерін өтеп келеді.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені зауытында жұмыс істеу жоғары біліктілікті және шексіз жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан кәсіпорында заманауи технологиялармен және күрделі механизмдермен жұмыс істейтін білікті мамандар еңбек етеді.
https://www.instagram.com/p/DQ6cU1IDP1u/
#Қазақстандажасалған #Астана #ИндустриялықПарк