Астана әкімдігі әлеуметтік желілердегі жалған хабарламалар туралы ескертеді

Астана әкімдігі әлеуметтік желілердегі жалған хабарламалар туралы ескертеді

Әлеуметтік желілерде 10 млн теңгеге дейін гранттар берілетіні туралы ресми дереккөздермен расталмаған хабарламалар таралуда. Онда сыртқы сілтемелерге өтіп, аккредиттелмеген ұйымдарда ақылы оқудан өту талап етіледі.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бұл ұсыныстардың Елорда әкімдігіне ешқандай қатысы жоқ және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларымен байланысты емес екенін ресми түрде мәлімдейді.

Мемлекеттік бағдарламалар ақысызмнегізде жүзеге асырылатынын есте ұстаған жөн. Оқу үшін немесе өтінім беруге рұқсат алу үшін міндетті төлемдер алынбайды.

Кәсіпкерлерді қолдау туралы өзекті ақпарат тек мемлекеттік органдардың ресми ресурстарында жарияланады.

Сақ болыңыз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз. Ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.