
Республика күніне орай «Goalhub» футбол академиясының алаңында Астана қаласы әкімдігінің басқармалары мен оларға қарасты мекеме қызметкерлерінің арасында футболдан турнир өтті.
Бұл спорттық шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік мекемелер арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттыру, сонымен қатар салауатты өмір салтын дәріптеу және қызметкерлердің белсенді демалысын ұйымдастыру.
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты бірлесіп, ортақ команда құрды. Оның құрамында Әділ Қапсалямов, Олжас Әубәкір, Темірлан Оразғали және Дархан Ғабдулла сынды қызметкерлер өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
- 3-орын – Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының командасы
- 2-орын – «Сарайшық» ауданы әкімінің аппараты
- 1-орын – Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.
Турнирдің «Үздік ойыншысы» Олжас Әубәкір атанды.
Барлық қатысушыларға естелік медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, достық пен әділ бәсекенің үлгісіне айналды.