«Таза Қазақстан» акциясы аясында №1 Индустриялық паркке 1000-нан астам ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында №1 Индустриялық паркке 1000-нан астам ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында №1 Индустриялық парк аумағында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Бұл игі іске бірнеше зауыттың қызметкерлері атсалысып, қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға өздерінің лайықты үлесін қосуда.

Шараның басты мақсаты – ормандарды сақтау және жаңғырту идеяларын қолдау, сондай-ақ азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Акция барысында №1 Индустриялық паркте 1000-нан астам ағаш көшеттері отырғызылды.

Ағаш отырғызу – бұл тек қаланы көркейтуге қосқан үлес қана емес, сонымен бірге табиғатты қорғау мен болашақ ұрпақ үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.