Республика күніне орай жеңілдіктер: елордадағы СОСО-ларда «Republic Day» акциясы басталды

Республика күніне орай жеңілдіктер: елордадағы СОСО-ларда «Republic Day» акциясы басталды

Республика күні мерекесінің қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі «Republic Day» атты акцияны іске қосты. Шараның мақсаты – ішкі нарықты қолдау және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыру, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Republic Day» акциясы 24–27 қазан аралығында бүкіл ел бойынша өтеді. Шара аясында қазақстандықтар азық-түлікке жатпайтын тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.

«Акцияға еліміз бойынша 220-дан астам сауда нысаны – сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, желілік дүкендер мен маркетплейстер қатысуда», – деп мәлімдеді Сауда және интеграция министрлігі.

Астанада акция «MEGA Silk Way», «Хан Шатыр», «Abu Dhabi Plaza», «Сарыарқа», «Koktal» сауда-ойын-сауық орталықтарында, «Сауран» сауда үйінде, сондай-ақ Magnum, Small және АНВАР супермаркеттерінде өтеді.

 

#RepublicDay #25қазан #Декларацияға35жыл