Қалалық маслихат депутаттары «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығына
Қалалық маслихат депутаттары «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығына барып, оның қызметімен және іске асып жатқан жобалармен танысты.
Кездесу барысында орталықтың басқарма төрағасы Артём Квашук депутаттарға компанияның негізгі бағыттары мен жетістіктері туралы баяндады. Сондай-ақ барлық жобалардың Елорданың туризм саласын дамытуға, Халықаралық әріптестікті кеңейтуге және Астанаға келетін туристер санын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Компанияның алдағы уақыттағы стратегиялық жоспарлары мен қаланың туристік секторын одан әрі дамыту бағыттары да таныстырылды.
Өз кезегінде депутаттар Астананың туристік әлеуетін арттыруға және оң имиджін қалыптастыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді. Туристер тарту және туризммен байланысты негізгі салаларды дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
https://www.instagram.com/p/DP6IWOfiIas/