Локомотив құрастыру зауыты – Evolution сериялы жаңа буындағы тепловоздарды өндіру бойынша Қазақстандағы жалғыз зауыт.
Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы – жылына 120 тепловоз. Қазіргі уақытта «Локомотив құрастыру зауыты» 3 түрлі өнім шығарады: жүк, жолаушылар және маневрлік тепловоздар.
Бүгінде зауытта 700 қызметкер жұмыс істейді және 650-ден астам локомотив өндірілді.
Зауытта жасалған локомотивтер Тәжікстан, Қырғызстан, Украина, Түрікменстан, Әзірбайжан, Молдова және Моңғолия сияқты 7 елде пайдаланылуда.
https://www.instagram.com/p/DP5v9peCNLy/