2025 жылы Қазақстан астанасы аймақтағы ең маңызды мәдени оқиғалар орталығы мәртебесін толығымен бекітті. Дженнифер Лопес, Backstreet Boys сынды әлемдік жұлдыздардың концерттері, сондай-ақ Alem Fest фестивалі Астанаға 24 мыңнан астам шетелдік турист жинады. Осы шаралардың ұйымдастырушысы Astana Concert - өзін Орталық Азиядағы концерттік туризмнің флагманы ретінде сенімді түрде танытып үлгерді.
Компания продюсері Малик Хасенов «Astana – Central Asia Main Stage» тұжырымдамасы елдің жаңа болмысының символына айналғанын атап өтті.
«Бұл жай ғана ұран емес, бұл біздің философия. Біз Астананы Орталық Азияның басты сахнасы ретінде ғана қабылдап қоймай, айтулы оқиғалар өтетін, ал мәдениет сәнге айналатын орын» - деді ол.
Малик Хасеновтың айтуынша, жыл соңында мәдени іс-шаралардан түсетін салық көлемі 1 миллиард теңгеден асады.
«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев туризм - экономикалық өсудің жаңа нүктесі болуы тиіс деп мәлімдеді. “Біз мәдениеттің нақты экономикалық әсер беретінін көріп отырмыз. Мысалы төрт стадиондық шоу «Астана Аренаның» жылдық шығынын өтеді. Бұл туризмнен түсетін кірісті есептемегенде, қала экономикасына нақты түсетін қаражат», - деді Хасенов.
Astana Tourism туризмді дамыту орталығының төрағасы Артем Квашук астананың әлемдік деңгейдегі іс-шараларды қабылдауға дайын екендігін айтты.
«Біз көрермендердің жағымды пікірлерін, қызмет көрсету мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көріп отырмыз. Қазір астанада 300-ге жуық қонақ үй бар, оның 9-ы 5 жұлдызды, 100-ден астамы 4 немесе 3 жұлдызды санатта. Жыл сайын Астана ірі оқиғалар қаласы мәртебесін нығайтып келеді. Өткен жылы 128 Халықаралық іс-шара өткізілсе, биыл олардың саны 200-ден асады», - деп атап өтті.
Толығырақ @tengrinewskz мақаласында: