Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне өңірлерден келген тауар өндірушілер облыс әкімдіктері ұсынған ресми тізім бойынша орналастырылады.
Қала әкімдігі тарапынан ешқандай сауда орны сатылмайды. Барлық қатысушыларға орындар тегін және әділ тәртіппен бөлінеді.
Дегенмен жәрмеңке аумағында кей тұлғалар тарапынан заңсыз сауда жасау деректері анықталып отырады.
Мұндай жағдайлар бойынша Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен Полиция департаменті бірлесіп тиісті шаралар қабылдауда.
Бүгінгі таңда 100-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды.
Жәрмеңкелердің басты мақсаты – Елорда тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау.
https://www.instagram.com/p/DPwbyzKDEnb/?hl=ru