13–14 қазан күндері Астанада денсаулық сақтау саласындағы маңызды іс-шара – «Қазақстан денсаулық сақтау саласы: инновациялар, қолжетімділік, жаһандану» халықаралық конференциясы және көрмесі өтіп жатыр.
Конференцияда еліміздің дәрілік саясат пен медициналық туризмді дамыту бағыттарындағы өзекті мәселелер мен перспективалар талқылануда.
Бүгін қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: перспективалар мен мүмкіндіктер» тақырыбында пікір алмасты.
Ертең конференцияда «Қазақстан денсаулық сақтау саласы: дәрілік заттар және инновациялық технологиялар» тақырыбы талқыланбақ.
Іс-шара аясында Astana Tourism туризмді дамыту орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің С. Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – медициналық туризм саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші медициналық орталық ретіндегі позициясын нығайту.
Құжатта шетелдік пациенттерге арналған медициналық қызметтердің сапа стандарттарын және нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанды халықаралық алаңдарда медициналық туризмнің тартымды бағыты ретінде ілгерілету және бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын құру қарастырылған.
«Медициналық туризм – болашағы зор бағыттардың бірі.
Бүгінде Қазақстан JCI (Joint Commission International) аккредитациясынан өткен ұйымдар саны бойынша әлемде 25-орында, оның 7-і Астанада орналасқан.
2024 жылы шетелден келген шамамен 4,5 мың пациент астаналық клиникаларда халықаралық стандарттарға сай жоғары білікті медициналық көмек алды.
Ең көп сұранысқа ие бағыттар – онкология, кардиохирургия, репродуктивті медицина және чекап бағдарламалары,» – деді Артём Квашук.
Конференцияға 200-ден астам қатысушы, соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, медициналық ұйымдар, жеке сектор, ғылыми қауымдастық және халықаралық сарапшылар қатысуда.
https://www.instagram.com/p/DPwEwqpCL4R/?hl=ru