Астанада катарлық инвесторлармен кездесу өтті

Астанада катарлық инвесторлармен кездесу өтті

Astana Invest фронт-офисінде Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов катарлық Al Mansour Holding холдингінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Al Mansour - штаб-пәтері Дохада орналасқан және Мәртебелі шейх Мансур бен Джабор бен Әл Тани басқаратын көпсалалы холдинг. 1992 жылға дейін құрылып, мұнай-газ өнеркәсібі, телекоммуникация және құрылыстан бастап ауыл шаруашылығы, логистика, туризм және тау-кен өндірісі сияқты өте ауқымды салаларды біріктіреді. Демек Катар мен сол аймақтағы экономиканың негізгі салаларының стратегиялық дамуын қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында инвесторлар үшін қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары, салықтық жеңілдіктер мен преференциялар туралы ақпарат ұсынылды.

Инвесторлар Data орталығын құру, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісін іске асыруға қызығушылық танытты.

Қос тарап ынтымақтастық бағыттары мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.