Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында Машина жасаушылар күнініне орай салтанатты жиын өтті.
Оған осы саланы дамытуға зор үлес қосқан сала басшылары, кәсіпорын мамандары, сондай-ақ Елорданың еңбек сіңірген қызметкерлері қатысты.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлерге алғысын айтты. Сондай-ақ аталған сала мамандары Қазақстанның индустриялық әлеуетін қалыптастыруда айрықша орын алатынын атап өтті.
«Бүгінде Астана қаласының машина жасау кешеніне қарасты кәсіпорындар тұрақты дамып, қала мен ел экономикасына қомақты үлес қосып келеді. Жаңа жұмыс орындары құрылып, Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуде», - деп атап өтті Халел Әкімжанов.
Шара барысында жалпы еңбек өтілі 15 жылдан 45 жылға дейін жеткен «Локомотив құрастыру зауыты» мен С.М. Киров атындағы зауытта жұмыс істейтін «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.