
Елордада Дүниежүзілік туризм күніне орай баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шараны «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы өткізді.
Тур барысында БАҚ өкілдері ақпараттық киоск пен Taxi Point жүйесімен танысып, Ұлттық музейді, Бас мешітті және қаланың басты тарихи-мәдени нысандарын аралады.
Сонымен қатар елорданың туристік инфрақұрылымындағы жаңашылдықтар көрсетіліп, Астананың қонақжайлық әлеуеті таныстырылды.
Бұл шара елорданың тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеуге және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DPBz-v3iBa4/?hl=ru