Астанада Бірыңғай есеп беру күні өтті

Астанада Бірыңғай есеп беру күні өтті

Астанада бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы Бірыңғай есеп беру күні ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – бизнес пен мемлекеттік органдар арасында тиімді диалог орнату, кәсіпкерлерге қолдау көрсету және құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында кәсіпкерлерге заңнамалардағы жаңалықтар, жиі кездесетін құқықбұзушылықтар және олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Мемлекеттік орган өкілдері құқықтық статистика, өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, салық салу және құрылыс саласындағы бақылау бағыттары бойынша баяндама жасады.

Кездесу «ашық микрофон» форматында өтіп, кәсіпкерлер өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.