Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен кеңес өтті

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен кеңес өтті

Бүгін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өткен кеңесте жазғы туристік маусымның қорытындысы шығарылды.

Жиынға облыс әкімдерінің орынбасарлары, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров пен өңірлік басқарма басшылары қатысты.

Биыл туризм тақырыбы бірнеше рет көтеріліп, кеңінен талқыланды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік 2025-2028 жылдарға арналған курортты өңірлерді дамыту жөніндегі Жол картасының жобасын әзірледі.

Кеңес 25 қыркүйекте Маңғыстау облысында өтетін Халықаралық туристік форум аясында ұйымдастырылды.