2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-де Астана қаласында бизнес-қоғамдастық алдындағы бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
Өткізу форматы – офлайн.
Өткізу орны: Астана қ., Космонавтар көшесі, 60, Comfort Hotel Astana, конференц-залы.
2025 жылғы 1 қаңтардан 1 тамызға дейінгі кезеңдегі атқарылған жұмыс пен тексерулердің динамикасы туралы есептермен бақылау-қадағалау органдарының өкілдері сөз сөйлейді.
Аталған іс-шараны жыл сайын өткізу мына мақсаттарға бағытталған:
- бизнесті мемлекет жүзеге асыратын бақылау-қадағалау функциялары туралы хабардар ету;
- кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру;
- шаруашылық қызметті жүргізудің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыру.
Сұрақтар мен ұсыныстар 2025 жылғы 22 қыркүйекке дейін d.karieva@astana.kz электрондық поштасына, сондай-ақ «Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ Кәсіпкерлікті дамыту бөліміне 556921, 556903, 556910 телефон нөмірлері арқылы қабылданады.
Отырыста келесі мемлекеттік органдар қатысады:
- Астана қаласының прокуратурасы
- Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
- Астана қ. бойынша Экономикалық тергеу департаменті
- Астана қ. бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті
- ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қ. бойынша департаменті
- Астана қ. бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті
- Астана қ. бойынша Көліктік бақылау инспекциясы
- Астана қ. бойынша Төтенше жағдайлар департаменті
- Астана қаласының Әділет департаменті
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикоррупциялық қызмет) Астана қ. бойынша департаменті
- Астана қаласының Полиция департаменті
- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қ. бойынша департаменті
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің Астана қ. бойынша аумақтық инспекциясы
- Астана қаласының Әуе көлігі прокуратурасы
- Астана қ. бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
- Астана қ. бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
- Астана қ. бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қ. бойынша департаменті
- ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қ. бойынша департаменті
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қ. бойынша аумақтық инспекциясы
- ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Астана қ. бойынша өңірлік өкілдері басқармасы
- Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы