11-12 қыркүйек күндері Astana Tourism Бейжіңде өткен ITB – MICE Meeting Point 2025 Халықаралық туристік көрмесі мен конференциясына қатысты. ITB (Internationale Tourismus-Börse) командасы ұйымдастырған іскерлік туризм индустриясындағы бұл маңызды іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам сала мамандары қатысты.
Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының (ICCA) мүшесі ретінде Астана QazExpoCongress және Air Astana компаниясымен бірлесіп өз стендін ұсынды. Делегация Қазақстан астанасының туристік инфрақұрылымы мен MICE әлеуетін көрсете отырып, 50-ге тарта маманмен іскерлік кездесу өткізді. Ұлттық брендті ілгерілетуге Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығы қолдау көрсетті.
ITB ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында Астанаға ерекше назар аударылды, онда Astana Tourism өкілдері ірі қытайлық бизнес қауымдастықтары мен Singapore Tourism Board, Hong Kong Tourism Board, Thailand Convention and Exhibition Bureau сияқты Халықаралық туристік кеңселерінің алдында сөз сөйледі.
Бұл іс-шара іскерлік байланыстарды нығайтуға және Астананың перспективалық MICE дестинациясы ретінде танымалдығын арттыруға мүмкіндік берді.
Дереккөз: https://www.instagram.com/p/DOqpA90iGX1/