24 жастағы Тоқтар Мәулбеков мамандығын студенттік тәжірибе барысында таңдады. Сол кезде-ақ ол бұл кәсіптің жай ғана жұмыс емес, ел игілігі үшін маңызды өнімдер жасау мүмкіндігі екенін түсінді.
Бүгінде Тоқтар Kazakhstan Paramount Engineering компаниясында кең бейінді станокшы ретінде еңбек етеді. Ол заманауи сандық бағдарламалық басқару (ЧПУ) жүйесі бар станоктарды басқарады және өзінің еңбегі отандық машина жасау саласын дамытуға үлес қосатынына сенімді.
Дереккөз: https://www.instagram.com/p/DOqXC3-CmKF/