Өткен демалыс күндері Астана өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Өткен демалыс күндері Астана өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Өткен демалыс күндері Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған Жамбыл және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері қатысты.
Астанаға 350 тоннадан астам өнім жеткізіліп, оның ішінде 150 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 80 тонна ет және ет өнімдері, 50 тонна бақша өнімі, 30 тонна сүт өнімдері, 11 тонна балық, 6 мың дана жұмыртқа және 30 тоннадан аса басқа да азық-түліктер ұсынылды.
Өнімдердің сапасын сақтау үшін тоңазытқыш қондырғылары бар арнайы көліктер қолданылып, санитарлық қызмет мамандары бақылау жүргізді. Бағалар әкімдік ұсынымдары мен нарықтағы мониторингке сәйкес белгіленіп, орта есеппен 10-15%-ға төмен болды.
Екі күнде жәрмеңкеге 70 мыңға жуық тұрғын мен қала қонақтары келіп, жергілікті өндірушілерден тікелей сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып алды.


Дереккөз: https://www.instagram.com/p/DOX5ZEgDA_y/?hl=ru