2025 жылғы 2 тамыз бен 31 тамыз аралығында елорда аудандарында мектеп жәрмеңкелері өтуде.
Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған жәрмеңкелер:
«Сарыарқа» ауданы:
«Рахмет» СОО, Н. Тілендиев даңғылы, 15
«Көктал» СОО, Н. Тілендиев даңғылы, 12
«Джаффар» сауда үйі, Бөгенбай батыр даңғылы, 71
Ш. Қосшығұлұлы көшесі, 14
«Алматы» ауданы: «Гүлжан» сауда үйі
«Сарайшық» ауданы:
Damu Mall СОО
Magnum гипермаркеті, Қордай көшесі, 87
Small гипермаркеттері: Т. Жүргенов көшесі, 30А; Масаты көшесі, 24; А. Бөлепбаев көшесі, 15П
«Байқоңыр» ауданы: «Аймақ-Тау», «Тұлпар» сауда үйлері
«Есіл» ауданы: 8 тамыздан бастап әр жұма, сенбі және жексенбі күндері Mega Silk Way СОО-да өткізіледі
22–24 тамыз аралығында өтетін жәрмеңкелер:
«Нұра» ауданы: Ғашықтар саябағы
«Сарайшық» ауданы: А-105 көшесі бойындағы автотұрақ (Отау шағын ауданы)
– Кәсіпкерлерге тауар бағасын нарықтық деңгейден 10–15 пайызға төмен ұстау жөнінде ұсыныстар берілді. Бағаларға тұрақты мониторинг жүргізілуде. Астанада кеңсе тауарларын, мектеп формасын немесе сөмкелерді дүкендер мен ірі сауда орталықтарынан сатып алуға әрбір тұрғынның мүмкіндігі бола бермейтіні белгілі. Осыған байланысты жәрмеңкелердің басты мақсаты – тұрғындарға мектепке қажетті тауарларды бір жерден қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін ұсыну.
«Жасырын сатып алушы» әдісі қолданылып жатыр. Бағаның негізсіз көтерілгені немесе тұрғындардан шағым түскен жағдайда кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, – деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Әділ Қапсалямов..
Толығырақ: МИА «Казинформ» https://www.inform.kz/ru/v-astane-prohodyat-shkolnie-yarmarki-9a7886