
14 тамыз күні Астанада «Даму» Қоры Ашық есік күнін өткізді. Қор басшылығы бизнесті қолдауға арналған қазіргі бағдарламалар, қаржыландыру алуға болатын банктер және іске асып жатқан жобалар бойынша субсидия төлемдері туралы айтып берді.
Қаржылық емес қолдау түрлері де талқыланды:
✔️ жобаларға тегін кеңес беру, заң және бухгалтерлік мәселелер бойынша көмек, ESG стандарттары,
✔️ онлайн оқыту платформасының мүмкіндіктері,
✔️ Қор клиенттерінің өнімдерін банктердің маркетплейстерінде ілгерілету.
Сонымен қатар, жобалар қалай бақыланатыны және кәсіпкерлер қаржыландыру алғаннан кейін қандай міндеттемелерді орындайтыны жайлы сөз болды.
Іс-шара барысында заңгерлер, бухгалтерлер, салық мамандары және бизнес-жоспар бойынша сарапшылар жеке кеңес берді. Мұндай кездесулер бұған дейін Алматы мен Астанада өткен. Енді бұл бастама еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады.