
Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан EXPO-2025 дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан күндері бағдарламасы аясында Астана атынан әлемдік рекордтар иегері, қазақстандық спортшы әрі шоумен Сергей Цирульников өнер көрсетті.
Күні бойы ол өзінің ерекше дене қабілетімен көрермендерді таңғалдырды: таға мен металл табаларды иіп, күш-қайраты мен төзімділігін паш етті. Сонымен қатар, ол бағдарламаның мәдени бөлігіне ерекше назар аударып, қонақтарды қазақтың дәстүрлі ойындарымен таныстырды және оларды көрермендер арасында ұйымдастырып, интерактив арқылы мерекелік көңіл күй сыйлады.
Сергей Цирульниковтың өнер көрсетуі Қазақстан күндері бағдарламасының жарқын сәттерінің біріне айналып, спорт, ұлттық мәдениет және халықаралық аудиториямен жанды қарым-қатынас элементтерін өзара үйлестірді.