Астанада қытайлық ірі құрылыс компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астанада қытайлық ірі құрылыс компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Astana Invest фронт-офисінде Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов, «Astana Invest» Басқарма төрағасының орынбасары Әуез Тыныбековтың жетекшілігімен қытайлық Weifang Changda Construction Group компаниясының басшылығымен кездесу өтті.

Кездесу барысында инвесторларға қала экономикасының әртүрлі секторларындағы перспективалық бағыттары мен тиісті мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды.

Өз кезегінде Weifang Changda Construction Group өкілдері өз қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Ол құрылыс, жылжымайтын мүлікті дамыту, муниципалды құрылыс, бау-бақша аумақтарын абаттандыру, сәулеттік безендіру, жалға беру, халықаралық, экономикалық және техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ жобалау және дизайн саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу бағыттары

Компания сауда-ойын-сауық орталықтарын, мектептер, саябақтар және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар салуды қоса алғанда, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу үшін ҚР нарығына шығуға қызығушылық білдірді.

Weifang Changda Construction Group - 300-ден астам маңызды нысанды іске асырған және БАӘ, Катар, Таиланд және басқа елдерде жұмыс тәжірибесі бар Қытайдың ең ірі құрылыс компанияларының бірі.