Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Tiryaki Holding компаниясының бас атқарушы директоры Сүлейман Тирьякиоглумен кездесуінде агроөнеркәсіптік саладағы өзара тиімді және ұзақ мерзімді әріптестік мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы компанияның Астанада бидай мен бұршақты терең өңдейтін зауыт салу жөніндегі шешімін құптап, оң бағасын берді.
Өз кезегінде Сүлейман Тирьякиоглу бұл жобаның еліміздегі өңдеу өнеркәсібін дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу барысында сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған тиімді логистиканы дамыту, қойма инфрақұрылымын цифрландыру және элеваторларды жаңғырту мәселелері қарастырылды.
Tiryaki Holding – астық, майлы дақылдар және мал азығын өндіру мен экспорттау бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі.
Дереккөз: https://www.akorda.kz/ru/glava-gosudarstva-prinyal-glavnogo-ispolnitelnogo-direktora-tiryaki-holding-suleymana-tiryakioglu-2961258