Бүгін Astana Invest фронт-офисінде Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов қытайлық JIYOU TECH және Beijing SOJO Electric Co., Ltd компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді.
Оның барысында инвестициялық климат, жаңғырмалы энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды қолдау, мемлекеттік қолдау шаралары және озық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
JIYOU TECH компаниясы активтерді цифрландыру және интерактивті 3D-шешімдерді жасауға маманданған. Компания өз жұмысында жасанды интеллект, сондай-ақ AR/VR технологияларын пайдаланып, бизнес пен мемлекеттік мекемелерге арналған цифрлық платформалар шығарады.
Ал Beijing SOJO Electric Co., Ltd компаниясы Қытайдағы электр энергиясын тарату жабдықтарын өндіретін жетекші компаниялардың қатарында. Бұл мекеме Қазақстанда күн және жел станциялары сияқты жаңғырмалы энергетика нысандарына инвестиция құю мүмкіндігін қарастыруда.