«Даму» қоры тегін қашықтан оқыту бағдарламасын іске қосады»

«Даму» қоры тегін қашықтан оқыту бағдарламасын іске қосады»

«Даму» қоры кәсіпкерлік және басқарушылық құзыреттіліктерді арттыру мақсатында Қордың қазіргі және әлеуетті клиенттеріне арналған тегін қашықтан оқыту бағдарламасын іске қосады.

«Заманауи кәсіпкер» атты білім беру бағдарламасы келесі модульдерді қамтиды:

Бизнесте цифрлық технологияларды қолдану (Digital);

Тәуекелдерді басқару;

Персоналды басқару;

Маркетинг және сату.

Оқу қашықтан (онлайн) форматта жүргізіледі, тегін ұсынылады және төмендегі сілтеме арқылы тіркеуден өткен барлық кәсіпкерлерге қолжетімді:
https://study.eyacademycca.com/login/index.php

Егер кәсіпкер «Даму» қорының клиенті болмаса, тіркелу кезінде «Обучение Даму» промокодын енгізу қажет.

Қашықтан оқыту курсын аяқтағаннан кейін ең белсенді төрт қатысушы 2026 жылы Ernst & Young Academy ұсынатын «Executive MBA: интенсив» бағдарламасын тегін өтуге мүмкіндік алады. Бұл тренинг басқарушылық құзыреттілікті, стратегиялық ойлау мен көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру модулін қамтиды.

Өтінімдер тамыз айының соңына дейін қабылданады.
Оқу 2025 жылдың қыркүйегінде басталады.