«400-ден астам Comic Con-ға қатыстым, бірақ бұл — мүлде ерекше!»
Бұл сөздер халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастырып, әлемдік жұлдыздарды түрлі елдерге шақырумен айналысатын Talent Nation атты әйгілі компанияның негізін қалаушы Алекс Бондқа тиесілі.
2025 жылы Алекс Бонд алғаш рет Қазақстанға келіп, Comic Con Astana фестивалінің құрметті қонағы болды. Оның айтуынша, бұл шара әлемдегі үздік Comic Con іс-шараларының ТОП-10-на, тіпті ТОП-5-на кіруге әбден лайық.
Алекс Бондтың Қазақстан мен фестиваль туралы пікірлері:
«Қазақстандағыдай жылы қарсы алуды бұрын-соңды ешбір елден көрген емеспін!»
«Бұрын тек Геннадий Головкинді білетін едім. Енді Қазақстанға қайта келіп, елді тереңірек танығым келеді!»
«Comic Con Astana — міндетті түрде баруға тұрарлық шара. Қазақстан — міндетті түрде келуге тұрарлық ел!»
Comic Con Astana — бұл тек комикстер, кино, ойындар мен поп-мәдениетке арналған фестиваль ғана емес. Бұл — Қазақстанның заманауи бейнесін көрсететін, мәдени әлеуеті мен қонақжайлығын әлемге танытатын бірегей халықаралық алаң.
Шараға қатысқан әлемдік жұлдыздар мен халықаралық қонақтардың жоғары бағасы — Comic Con Astana фестивалінің жаһандық деңгейдегі табысы мен маңызын нақты дәлелдейді.