2020 жылы Астана қаласындағы №1 индустриялық паркте іске қосылған «Аромат» цехы парфюмерия өнімдерін өндірумен айналысады. Цехтың ерекшелігі – жоғары сапалы шикізатты Италия мен Франциядан тікелей жеткізу арқылы отандық нарыққа бәсекеге қабілетті өнім ұсынуында.
Кәсіпорында негізінен жастар жұмыс істейді, жалпы қызметкерлер саны 100-ге жуық. Айта кетерлігі, бұл өндіріс орнында жұмыс істеу үшін арнайы кәсіби біліктілік талап етілмейді. Жаңадан келген қызметкерлер цех басшылығы тарапынан оқытылып, арнайы дайындық курсынан өткізіледі. Бұл жас мамандарды қолдау және еңбекпен қамту тұрғысынан маңызды қадам болып табылады.
Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Барлық жұмысшыларға арнайы қорғаныс киімі беріліп, өндірістік үдеріс барысында қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады.
«Аромат» цехы – қазақстандық өндірістің дамуына, жастарды еңбекке баулуға және сапалы парфюмерия өнімдерін отандық тұтынушыға ұсынуға бағытталған сәтті жоба.
Толығырақ: «Astana Aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетіндегі ««Ароматты» аралағанда…» мақаласында https://www.astana-akshamy.kz/aromatty-aralaghanda/