Бірінші тоқсанда Астанаға 300 мыңнан астам турист келді

Бірінші тоқсанда Астанаға 300 мыңнан астам турист келді

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан астанасына 300 мың турист келген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Астана қаласының Туризмді дамыту орталығының басшысы Артём Квашук мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, бүгінде Астанаға халықаралық әртістердің, ұйымдастырушылардың және туристердің қызығушылығы тұрақты түрде өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылы елордаға 1,5 млн турист келген, олардың ішінде 350 мың адам — шетелдік қонақтар.

«Биыл біз 1,7 млн турист күтеміз. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша астанаға 300 мың турист келді, оның ішінде 68 мыңы — шетелден келген қонақтар. Бүгінде Астана тек саяси және іскерлік орталық қана емес, сондай-ақ белсенді мәдени және оқиғалық алаңға айналды. Backstreet Boys тобының концерті сияқты ірі іс-шаралар қаланың туристік тартымдылығын арттырып, экономиканы дамытуға және халықаралық қызығушылықты нығайтуға ықпал етеді», — деп атап өтті Артём Квашук.