Қазақстан мен Испанияның алғашқы бірлескен фильмі Comic Con Astana 2025 аясында таныстырылады

Қазақстан мен Испанияның алғашқы бірлескен фильмі Comic Con Astana 2025 аясында таныстырылады

Comic Con Astana 2025 фестивалі аясында Netflix платформасына және әлемдік прокатқа арналған Қазақстан мен Испанияның алғашқы бірлескен туындысы — «Перемирие» (La Tregua) көрерменге алғаш рет ұсынылады.

Фильм кеңестік кезеңдегі Карлаг лагері туралы шынайы тарихи оқиғаларға негізделген. Режиссері — испаниялық Мигель Анхель Вивас («Қағаз үй» / La Casa de Papel), ал продюсері — Эмилио А.Пина (Premios Goya сыйлығының лауреаты).

Бұл — халықаралық аудиторияға бағытталған, Қазақстанның заманауи кинематографиясын жаңа деңгейге көтеретін маңызды жоба.

Халықаралық косплей байқауы — 15 000 000 теңге жүлде қорымен

Фестивальдің ең танымал әрі дәстүрлі элементтерінің бірі — халықаралық косплей байқауы. Биылғы жүлде қоры — 15 миллион теңге. Қазылар алқасының құрамында әлемдік және отандық косплей сахнасының танымал өкілдері бар: Яя Хан (АҚШ), Cinderys (Франция), Ran Hime (Қырғызстан), Frau Haku (Ресей), Ainaven Elf!, Danik (Қазақстан), Midday of Siberia (Ресей) және басқалар.

TEKKEN World Tour 2025: Astana кезеңі

Tekken 8 ойыны бойынша әлемдік тур — TEKKEN World Tour 2025 аясындағы Astana кезеңі Comic Con алаңында өтеді. 90-нан астам киберспортшы рейтингтік ұпайлар мен 400 000 теңге жүлде қоры үшін бақ сынайды.