Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында Халел Әкімжановтың төрағалығымен қаржы секторының өкілдерімен («Даму» қоры және екінші деңгейлі банктер) кездесу өтті
Отырыстың негізгі тақырыбы: шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау. Бұл Елорда экономикасының негізгі қозғаушы күші болып табылады және жалпы өнімнің үштен екіден астам пайызын (68,2%) құрайды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлік саласы айтарлықтай өсім көрсетуде.
Халел Әкімжанов ШОБ-ты қолдау шаһардың тұрақты дамуы үшін стратегиялық тұрғыда маңызды екендігіне мән берді. Сондай-ақ қаланың экономикалық белсенді халқының 73%-дан астамын және салық түсімдерінің 45%-ын қамтамасыз ететінін айтты.
Кездесу барысында ШОБ-тың проблемалық мәселелері, сондай-ақ банктер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жақсарту мәселелері қозғалды.
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы банктердің ШОБ жобаларын қолдауға белсенді қатысуының және несие беру кезінде адал қарауының қажеттілігін атап өтті.