
Астанада халықаралық Alstom компаниясының жаңа сервис орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті
Бұл оқиға компанияның аймақтағы тұрақты өнеркәсіптік қатысуын дамытудың және Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың келесі қадамы болды.
Alstom компаниясы Қазақстанда 15 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді және оның Астанада электровоздарды шығаратын және қызмет көрсететін зауытты қоса алғанда, екі зауыты іске қосылған.
Жаңа Alstom сервис орталығы профилактикалық және жөндеу жұмыстарын, соның ішінде электровоздарға қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Салтанатты рәсімге Францияның сыртқы сауда және шетелдегі француздар істері жөніндегі уәкілетті министрі мырза Лоран Сен-Мартен, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гийоге, сондай-ақ Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлшара Мерейқызы Арыстанқұлова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Серікұлы Мейірханов және жобаны іске асыруға атсалысқан Астана даму орталығы мен басқа да қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты.
Қазақстанның қазіргі Жібек жолындағы стратегиялық орны, Еуропа, Таяу Шығыс, Азия және Ресеймен байланысы, сондай-ақ кең табанды (21 000 км-ден астам) әлемдегі ең ірі теміржол желілерінің бірі бар екенін ескерсек, Alstom сервис орталығының құрылуы ұлттық логистикалық және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға елеулі үлес қосады.