Өрт - тілсіз жау! Алдағы аптап ыстықтарда қауіпсіздікті арттырған жөн.

Өрт - тілсіз жау! Алдағы аптап ыстықтарда қауіпсіздікті арттырған жөн.

Өрт - тілсіз жау! Алдағы аптап ыстықтарда қауіпсіздікті арттырған жөн.
 
Осы орайда, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Төтенше жағдайлар департаментімен бірігіп, биылғы маусымда өрт қауіпсіздігін арттыру мәселелерін талқылады.

Ашық диалог форматында кәсіпорын басшылары тілсіз жаудан қорғанудың ережелерімен танысып, оларды іске асырудың практикалық аспектілерін талқылады.

Атап айтқанда, өрттің алдын алу шараларын енгізуге, салдарын азайтуға, объектілердің қауіпсіздік жағдайын тұрақты бақылауға, қызметкерлердің төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыруға және өртке қарсы жабдықтар мен автоматты қорғау жүйелерінің қабілеттілігін сақтауға аса мән берілді.