«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясының делегациясы Астана қаласының №1 Индустриялық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорындардың өндірістік қуаттарымен танысып қайтты.

Оның барысында КПО өкілдері «Led Solution» жарықдиодты шамдар өндіру және құрастыру зауытында, «ВМП Астана» лак-бояу зауытында, NH-15 эвакуациялық құтқару капюшондарын және медициналық маскаларын өндіретін «Akbarys Protection» зауытында, арнайы электрдің толық трансформаторлық қосалқы станцияларын өндіруші «Спецэлектра» зауытында, сондай-ақ «Astana Ютария ltd» тігін фабрикасында болды.

Бұл қызметтік сапар елордалық кәсіпорындардың әлеуетін бағалауға, әрі ынтымақтастық жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Акимжанов, КПО Бас директоры Марко Марсили, КПО бас директорының орынбасарлары Мұхтар Манкеев және Никола Аллегро, ҚР Энергетика министрлігінің, «PSA» ЖШС, «IMB Орталық» халықаралық мұнай-газ машина жасауды дамыту орталығының өкілдері қатысқан дөңгелек үстел барысында маңызды мәселелер талқыланды. Оған Индустриялық парк кәсіпорындарының басшылары мен инвесторлар да қатысқан болатын. Отырыс кезінде өзара іс-қимыл жасау, локализацияны ілгерілету және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері көтерілді.

Сапар соңында жергілікті өндірушілер ұсынған өнімдердің көрмесі өтті. Соның арқасында делегация өкілдері КПО-ға ұсынылатын ассортимент және ынтымақтастық әлеуетімен толығырақ таныса алды.