Астана қаласында газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген.

Астана қаласында газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген.

Астана қаласында газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген.

2021 жылы 1-ші кезектің құрылысы, сондай-ақ ішінара газдандырудың 2-ші кезегі бойынша жұмыстар аяқталды.

Жұмыстың қалған 2 және 3-кезектері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 2022-2024 жылдарға жоспарланған.

Бүгінгі таңда Көктал-1 және 2, Агроқалашық, «Железнодорожный», Промышленный, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жақтары, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарында, сондай-ақ                               Потанин – Мәскеу көшесі, «Нұр-Бесік», «Ақбидай», «Қазақ ауылы» шағын аудандарында тұтынушыларды қосу толық қамтамасыз етілген.

Газға 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент қол жеткізді.

Газға 8205 жеке, 1 газоблокты бұйымдар шығаратын зауыт, сондай-ақ       8 КТК қосылды.

Газ желілеріне қосылу құнын төмендету мақсатында әкімдікпен мынадай шаралар көзделген:

  1. Құны 100-ден 160 мың теңгеге дейін болатын халыққа есепке алу аспаптарын тегін беру көзделген;
  2. Халық банкімен бірлесіп 18 айға дейін бөліп төлеумен 750 мың сомада халыққа пайызсыз кредит беру бағдарламасы іске қосылды
  3. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (жасы бойынша зейнеткерлер; мүгедектер, мүгедек балалар; - көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар) үйлерді газға қосу бойынша 130 АЕК немесе 413 400 теңге мөлшерінде өтемақы төленеді.

Сондай-ақ ЖЭО-1-де және ЖЭО-2-де 16 қазандық газға ауыстырылды (ЖЭО-1-де он қазандық, ЖЭО-2-де алты қазандық).

17 әлеуметтік объект қосылған. Қалған 3 әлеуметтік объект бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда қала бойынша 8743-тен астам техникалық шарт беріліп, 20 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Ағымдағы жылы аудандық «Тұран», «Тельман» қазандықтарына және «Ильинка», «Тельман», «Пригородный», «Family Village», «Өндіріс» т/а-на газ жеткізу желілерінің құрылысы жүргізілуде. 80 км. жоғары қысымды газбен жабдықтау желілері салынды.

Осылайша, 2024 жылы 300 мыңға жуық халық газға қолжетімділікпен қамтамасыз етілетін болады.

Жалпы тұрғын алаптарын газдандыру және энергия көздерін газға көшіру шығарындыларды жылына 40 мың тоннаға азайтуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ газ баллондарын пайдалануға байланысты төтенше жағдайларды азайтады.