«Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ электр желілеріне қосылу тәртібі анықталды 2023 жылғы 31 қаңтардан бастап «Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ электрмен жабдықтау объектілеріне қосылуды келісу регламенті қолданысқа енгізілді, оған сәйкес басқарманың электр желілеріне қосылу тәртібі айқындалды. Бұл регламент «Астана - Аймақтық электржелілік компания» АҚ-мен келісілген.

«Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ электр желілеріне қосылу тәртібі анықталды  2023 жылғы 31 қаңтардан бастап «Астана қаласының  Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ электрмен жабдықтау объектілеріне қосылуды келісу регламенті қолданысқа енгізілді, оған сәйкес басқарманың электр желілеріне қосылу тәртібі айқындалды. Бұл регламент «Астана - Аймақтық электржелілік компания» АҚ-мен келісілген.

«Астана қаласының Отын-энергетикалық

кешені және коммуналдық шаруашылық

басқармасы» ММ-нің

2023 жылғы 31 қаңтардағы № 06-12/14 бұйрығымен бекітілген

 

«Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және

коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ

Электрмен жабдықтау объектілеріне қосылуды келісу

регламенті

 

         Осы регламент сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, жұмыстарды ұйымдастыру және «Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ электрмен жабдықтау объектілеріне келісу мен қосудың ашықтығы мақсатында әзірленді.

 

  1. Осы Регламентте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады, сондай-ақ келесілер:

         1) Тапсырыс беруші – «Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ;

         2) Құрылыс салушы – өз қызметін құрылыс саласында тапсырыс беруші немесе құрылыс-монтаждау ұйымдары ретінде жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым, квазимемлекеттік немесе жеке компания;

         3) Электрмен жабдықтау объектісі – 220 кВ, 110 кВ, 35 кВ, 20 кВ,                     10 кВ, 0,4 кВ электр беру желілері; 220 кВ, 110 кВ, 35 кВ тораптық қосалқы станциялар; 20 кВ, 10 кВ тарату пункттері; 20 кВ, 10 кВ, 0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялар;

         4) іске асырылып жатқан жоба – құрылыстың әртүрлі кезеңдеріндегі электрмен жабдықтау объектілері (құрылыс-монтаждау жұмыстарына, құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасасу, объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қою);

         5) перспективалық жоба – мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысын алғанға дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу сатысындағы электрмен жабдықтау объектілері;

         6) «Астана-АЭК» АҚ – «Астана – Аймақтық электржелілік компания» акционерлік қоғамы, электрмен жабдықтауға техникалық шарттар беруді жүзеге асыратын өңірлік энергия беруші ұйым;

         7)  келісу – тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау объектілеріне қосылуды келісу туралы оң жауабы бар тапсырыс берушінің хаты немесе хаттамасы түріндегі құжат;

         8) қосылу – техникалық шарттардың толық көлемде, ішінара немесе ескертулермен орындалғанын растайтын келісу, техникалық шарттар, пайдалану жауапкершілігінің шекараларын бөлу актісі және құрылыс салушының электрмен жабдықтау желілерінің объектісін тексеру актісі болған кезде объектіні тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау объектілеріне нақты қосу;

         9) құрылыс объектісі – құрылысын құрылыс салушы жүзеге асыратын әкімшілік, азаматтық, өндірістік немесе өзге де маңызы бар ғимарат.

 

  1. Жалпы ережелер

         1) Тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау объектілеріне келісу немесе қосу «Астана-АЭК» АҚ айқындайтын техникалық мүмкіндік болған кезде жүргізіледі.

         2) «Астана-АЭК» АҚ техникалық шарттарын беру тапсырыс беруші келіскеннен кейін жүргізіледі.

         3) Жеке объектілерді тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау объектілеріне қосу өлшеу аспаптары бар өз ұяшықтарын орната отырып жүргізіледі.

         4) Мемлекеттік немесе квазимемлекеттік объектілерді электрмен жабдықтау объектілеріне қосу тапсырыс берушінің келісімі бойынша қолданыстағы ұяшықтарға мүмкін болады.

         5) Мемлекеттік немесе квазимемлекеттік объектілерді қосу үшін қолданыстағы ұяшықтардың нөмірлерін анықтауды тапсырыс беруші келіскеннен кейін «Астана-АЭК» АҚ жүзеге асырады.

         6) Келісуден бас тартуға негіз бола алатын тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау объектісінің қанағаттанарлықсыз жай-күйі жағдайында құрылыс салушыға құрылыс салушының құрылыс объектісін электрмен жабдықтау үшін қажетті көлемде тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау объектісін дербес қалпына келтіруге жол беріледі.

  1. Тапсырыс берушінің электр желілеріне қосылуды келісу тәртібі

         1) Құрылыс салушы тапсырыс берушінің атына құрылыс объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды (оның ішінде жерге мемлекеттік актіні немесе жобалау-іздестіру жұмыстарына әкімдіктің қаулысын, жер учаскесін таңдау және келісу актісімен құрылысты), құрылыс объектісіне жер учаскесінің орналасу схемасын, мәлімделген электр қуатының дербес орындалған есебін-негіздемесін қоса бере отырып, ресми өтінім хатпен немесе сараптамалық ұйымның қатысуымен жүгінеді.

         Электр қондырғыларының есептік қуаты 5 МВт және одан жоғары тұтынушылар хатқа жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген құрылыс объектісін сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді.

         2) Тапсырыс беруші 3 күнтізбелік күн ішінде құрылыс объектісін Тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау объектілеріне қосудың техникалық мүмкіндігі туралы «Астана-АЭК» АҚ мекенжайына сұрау жолдайды.

         3) «Астана-АЭК» АҚ 7 күнтізбелік күн ішінде тапсырыс берушінің сұранысын құрылыс салушының өтінім-хатымен қарайды және құрылыс объектісін тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау объектілеріне қосудың техникалық мүмкіндігі туралы жауап береді.

         Бұл ретте, «Астана-АЭК» АҚ қосылудың техникалық мүмкіндігін айқындау кезінде іске асырылып жатқан жобалар бойынша құрылыс объектілерінің электрмен жабдықтау объектілеріне нақты қосылған қуатын және тапсырыс берушінің перспективалық жобалары бойынша құрылыс салушылардың берілген техникалық шарттарының қуатын ескереді.

         4) «Астана-АЭК» АҚ жауабын алғаннан кейін тапсырыс беруші                          5 күнтізбелік күн ішінде құрылыс салушының өтінім-хатын қарайды және келісуді немесе дәлелді бас тартуды ұсынады.

         Дәлелді бас тартуға техникалық мүмкіндіктің болмауы (бос қуаттардың болмауы, электрмен жабдықтау объектісінің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі) және заңдық талаптар, сондай-ақ электрмен жабдықтау объектісі бойынша даулар негіз бола алады.

         Қажетті қуаты 5 МВт-тан астам тұтынушыларға қосылуға келісім берумен бір мезгілде техникалық шарттар беру келісіледі (негіздеме – Астана қаласы әкімінің орынбасарының 2021 жылғы 26 қарашадағы                      № 509-09-05/2556 хаты).

         5) Тапсырыс берушінің келісімі құрылыс объектісін тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау объектілеріне қосу үшін негіз болып табылмайды.

 

  1. Тапсырыс берушінің электр желілеріне қосылу тәртібі

         1) Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындағаннан кейін құрылыс салушы «Астана-АЭК» АҚ-ға техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарлама (еркін нысанда) жолдайды.

         2) «Астана-АЭК» АҚ сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді.

         Сыртқы қосылудың кемшіліктері анықталған және орындалған жұмыстар берілген техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда ескертулер тізбесі бар хат беріледі.

         Ескертулер болмаған кезде «Астана-АЭК» АҚ Тапсырыс беруші мен құрылыс салушы арасындағы тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актісін ресімдейді.

         3) Құрылыс салушы техникалық шарттардың көшірмесін және теңгерімдік тиесілілік пен пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің түпнұсқасын қоса бере отырып, тапсырыс берушінің атына ресми өтінім хатпен жүгінеді.

         4) Тапсырыс беруші 3 күнтізбелік күн ішінде «Астана-АЭК» АҚ-ға техникалық шарттардың толық көлемде орындалғанын растайтын, Салынған электр желілерін қарап тексерудің қол қойылған актісінің көшірмесін ұсынуға сұрау жолдайды.

         5) «Астана-АЭК» АҚ-ның жауабын алғаннан кейін тапсырыс беруші күнтізбелік 3 күн ішінде құрылыс салушыға қол қойылған теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актісін немесе дәлелді бас тартуды ұсынады.

 

  1. Қосылуды келісуді тоқтату шарттары

         1) Құрылыс объектісінің меншік иесі өзгерген кезде.

         Бұл ретте, құрылыс объектісінің меншік иесін ауыстыру туралы растайтын құжаттар қосылған жағдайда, тапсырыс берушіні қайта келісу талап етілмейді.

         2) Бұрын мәлімделген электр қуаты ұлғайту жағына қарай өзгерген жағдайда келісудің күші жойылады және тапсырыс берушінің қайта келісуі және қосылуы талап етіледі.

         3) Құқық белгілейтін құжаттардың күші жойылған жағдайда (оның ішінде жерге мемлекеттік акт немесе әкімдіктің жобалау-іздестіру жұмыстарына, құрылысқа қаулысы, жер учаскесін таңдау және келісу актісі, ГАСК органдарына хабарламаны қабылдау туралы талон).

 

  1. Қорытынды ережелер

         1) Тапсырыс берушіні келісу және қосу тегін жүзеге асырылады.

         2) Құрылыс салушылардан келісуге және қосуға өтініштер eotinish.gov.kz Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы қабылданады.

         3) Құрылыс салушы объектісін тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау объектілеріне желілеріне қосуды «Астана-АЭК» АҚ персоналы электрмен жабдықтау шартын жасасқаннан және «Астана-АЭК» АҚ бекітілген прейскурантына сәйкес қосылу жөніндегі қызметке ақы төлегеннен кейін жүзеге асырады.